Сенім телефоны: +7 (7112) 50-54-06

Ағымдағы жылдың 1 шілдеге облыстық бюджетінің шығыстары 61,6 млрд. теңгеге игерілді немесе есепті кезеңге арналған жоспарына 99,6%                  2017 жылдың 1 шілдеге облыстық бюджеттің кірістері бойынша орындалуы – 57,9 млрд. теңге, кезеңнің жоспарына 106,8%                  Республикалық бюджеттен алдындағы қарыздық міндеттемелері 3,2 млрд. теңге көлемінде орындалды                  2017 жылдың 1 шілдеге облыстық бюджеті бойынша салықтардың нақты түсуі 18,6 млрд. теңге құрады, кезеңнің жоспарына 120,3%                  Есепті кезеңге облыстық коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер – 21,4 млн. теңге немесе жоспарына 186,1%                 
Жекешелендіру

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен 2014-2016 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары (№280 ҚРҮҚ) ,сондай-ақ, жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі ұйымдар Тізбесі бекітілді.

Тізбеге сәйкес, Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігі бойынша 16 объекті бәсекелестік ортаға берілуге жатады.

Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі ұйымдар Тізбесі негізінде «Батыс Қазақстан облысы бойынша жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 9 маусымдағы №150 қаулысы қабылданып, 2014-2016 жылдарға арналған коммуналдық меншік объектілерінің сату кестесі бекітілді.

Сату Кестесіне сәйкес жалпы облыс бойынша жекешелендіруге 16 ұйым жатады, оның 3 ұйымы 2014 жылы, 5 ұйымы 2015 жылы және 8 ұйымы 2016 жылы сату жоспарлануда.

Жоғарыда көрсетілген қаулыны орындау үшін және коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру кезінде мөлдірлік және жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия құрылды. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, Батыс Қазақстан облысының өңірлік кәсіпкерлік палатасының өкілі, басқа да мүдделі органдардың өкілдері енгізілді.

Коммуналдық меншік объектілерін сату механизмінің (№920 ҚРҮҚ сәйкес) ашықтығының жоғары деңгейлігін қамтамасыз ету мақсатында мүліктік кешен түріндегі ұйымдар және қатысу үлестерін сату ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің электрондық сауда алаңы (gosreestr.kz)арқылы жүргізілетін болады.

Қосымша сұрақтармен Сізге +7 (711)2 505545, 505065 телефон бойынша өтініш жасауға немесе қаржы басқармасының интернет-ресурс арқылы сұрақтарды жіберу үшін кері байланыс нысанымен пайдалануға болады.

 

Меню

 

ВИДЕОгалерея

Голосование

Вопрос «Знаете ли Вы о бюджете ?»

Имею хорошее представление - 30%
Знаю, но хотелось бы больше - 30%
Имею незначительное представление - 40%

Total votes: 10