Сенім телефоны: +7 (7112) 50-54-06

2016 жылғы облыстық бюджетінің шығыстары 139,5 млрд. теңгеге игерілді немесе жылдық жоспарына 99,8%                  2017 жылдың 1 қаңтарына облыстық бюджеттің кірістері бойынша орындалуы – 136,8 млрд. теңге, жылдық жоспарына 106,6%                  Республикалық бюджеттен алдындағы қарыздық міндеттемелері 3,2 млрд. теңге көлемінде орындалды                  2017 жылдың 1 қаңтарына облыстық бюджеті бойынша салықтардың нақты түсуі 38,4 млрд. теңге құрады немесе жылдық жоспарына 126,8%                  2016 жылғы облыстық коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер – 32,9 млн. теңге немесе жылдық жоспарға 134,2%                 
Қаржы жүйесінің қалыптасу тарихы

Қаржы жүйесінің қалыптасу тарихы

Орал облысы 1917 жылы 655,1 мың адам тұрғыны бар 287004,85 кв.в аумақты қамтыды. Облыс құрамында Орал, Лбищенск, Гурьев және Темирский уездері болды.
Оралда 1917 жылғы ақпан айында Орал Революциялық Комитетінің функционалдық бөлімдері, соның ішінде қаржы бөлімі құрыла бастады. Қаржы бөлімінің бірінші меңгерушісі болып Революциялық комитеттің төрағасы Павел Степанович Хаустов тағайындалды. Штат 25 адамнан құралды.
Қаржы бөлімінің бірінші кезектегі міндеттері:
- орталық органдарымен байланыс орнату;
- жергілікті орындарда қаржы органдарын құру;
- сметалар дайындау және мекемелерге кредиттер ашу;
- орал қаласындағы жеке банктерді тарату;
- қолданысқа құқылы ақша белгілерін анықтау;
- айлықтар мен жалақы мөлшерін анықтау;
- жергілікті салықты қолданысқа енгізу;
- лицензиялар беру және жеке өндіріс пен сауданы бақылау.
1919 жылғы наурыз айында Лбищенск, Темир, Орал уездерінде, қараша айында Илекте уездік қаржы бөлімдері пайда болды. Қаржы органдары аймақ қазынасын толықтыру үшін жергілікті салық жинау бойынша белсенді жұмыстар атқарды. Салықтың 9 түрі енгізілді: 1) 1919 жылға мемлекеттік прогрессивті табыс салығына үстеме;
2) 1919 жылға негізгі кәсіпшілік салығына сауда-өндірістік кәсіпорындарынан қосымша алым;
3) арнаулы пәтер салығы;
4) бұқаралық көріністер мен көңіл-көтерулерден алым;
5) малдан алым;
6) үй күтушісін жалдайтын тұлғалардан алым;
7) тасымалдаушы кәсіпшіліктен алым;
8) иттерден алым;
9) жылқылардан және жеке экипаждардан алым.
Өткен ғасырдың 20-жылдарындағы қаржы саясаты мынадай міндеттерден тұрады:
әлеуметтік-экономикалық салада – жеке-кредиттік институтты тарату;
ақша айналымы саласында - өз қызметін және өз мекемесін эмиссиондық шаруашылық жүйесін еркін қолдану қажеттілігіне дағдыландыру;
ресурстарды есептеу және шығындау саласында – барлық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды өз шаруашылығын үнемді өндірістік бағытпен жүргізуге үйрету, бұл қатаң сметалық тәртіптің нығаюында байқалды.
ұйымдастыру саласында - жергілікті орындарда бүкіл губерния үшін бірыңғай кассалық және есептеу-есеп айырысу аппараты бола алатын, яғни барлық бухгалтерияға орталықтанған жаңа аппарат құру;
Сол жылдары ауданның қаржы қызметі үлкен қиыншылықтарды бастан кешірді.
Біріншіден, ақшаға деген қажеттілікке әсер етті. Олардың болмауы бүкіл шаруашылық құрылыстың жүру барысында байқалды. Сонымен, 1921 жылы Орал губерниясы үшін 9 млрд 460 млн.рубль қажет болды, 5 млрд 307 млн.рубль алынды.
Екіншіден, губерниядағы жергілікті бюджет бойынша кірістер түсетін жергілікті бюджет әлсіз болды, тіпті еңбек ақы сомасын да жаба алмады.
Әскери өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындарына қосымша ресурстарды анықтау жөнінде тапсырмалар қойылған Ұлы Отан Соғысы жылдарында облыс қаржыгерлері орасан зор қиындықтарға тап болды.
Соғыстан кейінгі жылдары облыстың қаржылық даму ісіне, оның қаржылық жағдайының нығаюына Зверев Григорий Тимофеевич, Амелин Леонид Иванович, Оразова Мәдина Оразқызы, Рахымбеков Жеңіс Рахымбековұлы және тағы да басқа атақты қаржыгерлер елеулі үлес қосты.
90-жылдардың бастапқы және орта кезеңі қаржы ардагерлерінің өте жақсы есінде, осы жылдарда облыс пен қала кәсіпорындары іс жүзінде жұмыс істемеді, жалақы төленбеді, бюджеттік ұйымдарының қызметкерлері жалақыны үш-төрт ай кешіктіріп алды, ал жалпы облыс бюджеті тек бірнеше миллиард теңге болды. Облыс пен қала инфрақұрылымдарын ұстауға қаражат табу үшін виртуоздық жұмыс істеу қажет еді.
1990 жылдардағы экономикалық дағдарыстың соққылары бастапқы және орта жылдары облыстың қаржы жүйесінде жұмыс атқарған, әлі де осы салада аянбай еңбек етіп келе жатқан бірқатар қаржыгерлерге тиді: Хамитов А.Ш., Жабалбаева А.С., Лила Л.Н., Бисенова М.Б., Латыева Р.А., Селезнева Т.А., Шишкина Т.А., Жангирова Б.Б., Савиных Т.П., Казимирская В.П., Куклова Т.А., Уразгалиева Г.Г., Белугина Н.П., Джунусова С.З., Шалтаева С.К., Шиниязова М.Р., Ергалиев К.М., Жусупкалиев Б.С., Тукранова Г.А., Басирова Ж.К., Ниеткалиева Б.А., Нурмагамбетов Б.Б., Хамиев С.Х. және тағы басқалары.
2004 жылы 24 сәуірде Қазақстан Республикасының бірінші Бюджеттік кодексі қабылданды.
Бюджеттік кодексі бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, принциптерін және тетіктерін белгілейді.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы №369 қаулысымен қосылу жолымен «Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы» мен «Батыс Қазақстан облыстық коммуналдық меншіктер басқармасы» мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» қаулысы қабылданып, «Батыс Қазақстан облысының қаржы департаменті» мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылды.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі №113 қаулысына сәйкес «Батыс Қазақстан облысының қаржы департаменті» мемлекеттік мекемесі «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта атынылды, мекеме бүгінгі дейін облыстың қаржылық жүйенің негізгі буы болып саналады.
Осы кезеңінде облыстың қаржы басқармасының негізгі бағыттары
1) жергілікті бюджеттің атқарылу барысын ұйымдастыру, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік және бюджеттік есепті, қаржылық және бюджеттік есептілікті жүргізу;
2) облыстық коммуналдық мүлікті басқаруды қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі таңда біз қоғамды реформалау кезеңі Қазақстан үшін тек ауыр сыннан өту емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесінің қалыптасуы мен нығаюы жолында белгілі жетістіктерге қол жеткізу жылдары болғанын түсінеміз. Экономиканы тұрақтандыруда, соның ішінде қаржы саласында да ойлаған мақсаттарға жету үшін жетілдіруді жалғастыра беру қажет.
Біздің республикасымыздың гүлденуі жолындағы еңбек, ел өмірін жақсарту - барлық кезеңде әр қаржыгердің жұмысының негізгі принципі болып табылды және бұл дәстүр бүгінгі күнде де жалғасуда.
 

Меню

 

ВИДЕОгалерея

Голосование

Вопрос «Знаете ли Вы о бюджете ?»

Имею хорошее представление - 30%
Знаю, но хотелось бы больше - 30%
Имею незначительное представление - 40%

Total votes: 10