Сенім телефоны: +7 (7112) 50-54-06

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйекке облыстық бюджетінің шығыстары 90,9 млрд. теңгеге игерілді немесе есепті кезеңге арналған жоспарына 96,8%                  2017 жылдың 1 қыркүйекке облыстық бюджеттің кірістері бойынша орындалуы – 83,2 млрд. теңге, кезеңнің жоспарына 103,8%                  Республикалық бюджеттен алдындағы қарыздық міндеттемелері 3,2 млрд. теңге көлемінде орындалды                  2017 жылдың 1 қыркүйекке облыстық бюджеті бойынша салықтардың нақты түсуі 24,8 млрд. теңге құрады, кезеңнің жоспарына 116,5%                  Есепті кезеңге облыстық коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер – 29,0 млн. теңге немесе жылдық жоспарына 118,4%                 
Жүзеге асырудың механизмдері
Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
Сауда-саттықтар аукцион және коммерциялық тендер тәсілдерімен www.gosreestr.kzМемлекеттікмүліктізілімі веб-порталының біріңғай сауда алаңында тек электрондық форматта жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы едәуір көп мемлекеттік ақпараттық базалармен біріктірілгендіктен, бұл сатып алушылардың сауда-саттықта қатысу үшін құжаттарды куәландырып, қағаз түрінде ұсыну қажеттілігінен арылтады. www.gosreestr.kzМемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сауда-саттыққа қатысу нұсқаулары мен ақпараттық графикалар орналастырылған.
Сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу
Мемлекеттік мүліктерді сату бірнеше кезеңдерден тұрады.
I. Сату алдындағы дайындық жұмыстары сауда-саттықты ұйымдастырушымен жүзеге асырылады. Сауда-саттыққа объектіні дайындау барысында Жекешелендіру объектісі бойынша ақпаратты жинақтау, бағалау жүргізу және сату шарттарын орнату, әдісін таңдау, сауда-саттықты өткізу күнін белгілеу, бағасы бойынша нұсқауларды әзірлеу жүргізіледі.
II. Сату –www.gosreestr.kzМемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталындаөтетін автоматтандырылған процесс.
III. Келісімді аяқтау. Жеңімпаз айқындалғаннан кейін олармен салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады. Сатып алушы сатып алу – сату шартына қол қояды, төлем жүргізеді және Объектіні қабылдау-табыстау актісіне қол қояды.
Сатар алдындағы дайындық кезеңдері
Актив сатылар алдында ол бағаны, сату шарттарының дайындығын және сауда-саттық туралы хабарламаны жариялауды өзіне қосатын сатар алдындағы дайындықтан өту керек. Активтерді бағалауды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес тәуелсіз баға берушілер тартылады. Тәуелсіз баға беруші өз жұмысының нәтижелері бойынша бастапқы бағасы және сату шарттары туралы шешім үшін негізі ретінде қабылданатын баға туралы есепті ұсынады.Тәуелсіз баға берушінің есептері негізінде Сауда-саттықты ұйымдастырушы бағасы мен сату шарттары бойынша нұсқаулық қосылатын объект туралы ақпараттық хабарламаны дайындайды.Ұсынылған ақпараттық хабарлама тиісті Комиссия отырысында қаралады, онда хабарламаны жариялау туралы шешім қабылданады, активтің бастапқы бағасы және шарттары белгіленеді, егер ондай болса.
Сауда-саттық өткізу туралы хабарламада мынадай мәліметтер қамтылады:
1) сауда-саттықтың өткiзiлетiн күнi, орны және уақыты;
2) сауда-саттықтың түрі, нысаны мен әдiсi;
3) жекешелендiру объектiсi туралы мәлiметтер (акцияларды сату кезінде акциялар эмитентінің атауы мен олар туралы мәліметтер, сатылатын акциялардың саны);
4) сатуға қойылатын жекешелендіру объектiлерiнiң бастапқы және ең төменгі (аукцион сауда-саттықтың голландтық әдiсiн қолдана отырып өткiзiлген кезде) бағалары;
5) кепілдік жарнаның мөлшері мен оны аудару үшін банктік деректемелер;
6) өтiнiмдердi қабылдау орны мен мерзімі;
7) сауда-саттықтарды өткiзу, оның ішінде сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу, сауда-саттық жеңімпазын анықтау шарттары туралы тәртіп;
8) сатушының және/немесе сауда-саттықты ұйымдастырушының және теңгерім ұстаушының телефоны мен орналасқан жерi;
9) сатушының шешiмi бойынша қосымша ақпарат.
Негізгі қатысушылар
Сауда-саттықты ұйымдастырушы
Сауда-саттықты ұйымдастырушы – облыстық коммуналдық меншік объектілері бойынша облыстың қаржы басқармасы және аудандық коммуналдық меншік объектілері бойынша аудандардың (қалалардың) қаржы бөлімдері сатушы болады. Сауда-саттықты дайындау және өткізу жөніндегі тұрақты жұмыс жасайтын комиссия қалыптасады. Сауда-саттық ұйымдастырушы сату процессінің жалпы ұйымдастыруын, тәуелсіз баға берушіні тартуды, баға және сату шарттары бойынша ұсыныспен актив жөніндегі ақпараттық хабарламаның Комиссиясы үшін дайындықты, сауда-саттық туралы хабарламаны жариялауды, Комиссия жұмысының жалпы үйлестіруін жүзеге асырады.
Сауда алаңы
Активтерді сату www.gosreestr.kzМемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталының бірыңғай сауда алаңы арқылы жүзеге асырылады.
Сауда алаңы (СА) пайдаланушыларға электрондық аукциондар мен электрондық конкурстарды өткізу үшін функционалды ұсынады. СА пайдаланушылары үшін куәландыратын механизм ретінде EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы берілетін Электрондық Цифрлы Қолтаңба (ЭЦҚ) пайдаланылады.Сауда-саттық әлеуетті қатысушылары үшін СА қызметтері ТЕГІН болып табылады.
Активтерді сату механизмдері
Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сәйкес сырттан араласу ең төменэлектрондық түрде жүзеге асырылатын сатудын айқын механизмдері қарастырылған.
Активті сату тәсілін таңдау келесі түрде айқындалады:
1) Егер жеңімпазды таңдаудың жалғыз критерийі баға болса – онда Аукцион өткізіледі;
2) Жекешелендіру объектісінің иесіне сатып алудан кейін орындау қажет ерекше шарттардың болған кезде – коммерциялық тендер өткізіледі. Ондай активтерді сатудың шарты кәсіпорын қызметінің профилін сақтау болып табылады.
3) Стратегиялық объектіні иеліктен айыру немесе ұлттық қауіпсіздік саласында ҚР заңнама ережелеріне байланысты сатып алушыларға қосымша талаптардың туындаған жағдайда Екі кезеңдік конкурс өткізіледі.
Аукцион
www.gosreestr.kzМемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталынның жабық бөлігінде белгіленген күні аукцион өткізіледі. Веб-порталдың жабық бөлігіне ЭЦҚ пайдаланумен тіркеу өткен және кепілдік жарнаны енгізген қатысушылар рұқсатты алады. СА функционалы аукцион қатысушыларына лотқа ағымдағы бағаны қадағалауға және сауда-саттықты ұйымдастырушымен белгіленген ауқымына (бағаны өзгерту қадамы) бағаны ұлғайтуғамүмкіндік береді. Аукциондар Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де басталып, Астана уақыты бойынша сатағ 17:00-ге дейін аяқталуы тиіс.
Аукцион төменде көрсетілген екі әдістің біреуі бойынша жүргізіледі.
Бағаны көтеру аукционы:
1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады;
2) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;
3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.
Жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.
Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға көтеруді кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.
Бағаны төмендету аукционы: 1) егер аукцион басталған кезден бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы белгіленген қадамға азаяды;
2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды.
Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы бағаны төмендету аукционының жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;
3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып танылады.
Коммерциялық тендер
Коммерциялық тендер ашық өткізіледі.Ол туралы Хабарлама www.gosreestr.kzМемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталының СА және БАҚ-да жарияланады. Электрондық аукциондағыдай мүдделі тұлғалар САтіркеледі және кепілдік жарналарын енгізеді.
Оларға конкурс қатысушылар мәртебесі берілгеннен кейін пайдаланушылар конкурстын шарттарына сәйкес қажетті құжаттардыұсынады.
Тағайындалған уақытта Комиссия конкурстық өтініштерді ашады, ұсынылған құжаттарды зерттейді, барлық шарттылығын сақтауын тексереді, талап етілетін мәліметтер мен құжаттардың болуы айқындалады.Коммерциялық тендерге қатысуға өтініштерді ашу сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген сауда-саттықтың күні мен уақыты болған кезде автоматты түрде www.gosreestr.kzМемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы жүргізіледі. Тендерді өткізу кезінде жекешелендіру объектісіне жоғары бағаны ұсынған және тендердің шарттарынасәйкес келетін тендердің қатысушысынКомиссия жеңімпаз деп жариялайды.
Сатып алу-сату шарттарын жасасу
Аукциондық, конкурстық немесе екі кезеңдегі конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін сатушы мен сатып алушы арасында сатып алу-сату шарты жасалады.
Сатып алушы мен сатушының арасындағы өзара әрекеттерінің әр-бір кезеңінде Облыстық басқармамен және аудандық қаржы бөлімдерімен төмендегі негізгі кезеңдеріне тараптардың іс-қимылдарына мониторинг жүзеге асырылады:
1) Сауда-саттықтың жеңімпазымен хаттамаға уақытында қол қою;
2) Сатушы мен сатып алушының арасында сатып алу-сату шартын уақытында жасасу; 3) Сатып алу-сату шарты бойынша өзіне алған тараптармен міндеттемелерді уақытында орындау.
Қосымша ақпаратты 8(7112)-50-50-65, 8(7112)-24-00-76 телефондары арқылы және БҚО, Орал қ., Ж.Досмұхамедов көшесі, 45, 301 каб. сауда-саттықты ұйымдастырушының мекенжайы бойынша немесе www.gosreestr.kzМемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталынан алуға болады.
 

Меню

 

ВИДЕОгалерея

Голосование

Вопрос «Знаете ли Вы о бюджете ?»

Имею хорошее представление - 30%
Знаю, но хотелось бы больше - 30%
Имею незначительное представление - 40%

Total votes: 10