Сенім телефоны: +7 (7112) 50-54-06

Ағымдағы жылдың 1 қарашасына облыстық бюджетінің шығыстары 117,4 млрд. теңгеге игерілді немесе есепті кезеңге арналған жоспарына 98,1%                  2017 жылдың 1 қарашасына облыстық бюджеттің кірістері бойынша орындалуы – 102,8 млрд. теңге, кезеңнің жоспарына 101,2%                  Республикалық бюджеттен алдындағы қарыздық міндеттемелері 3,5 млрд. теңге көлемінде орындалды                  2017 жылдың 1 қарашасына облыстық бюджеті бойынша салықтардың нақты түсуі 30,3 млрд. теңге құрады, кезеңнің жоспарына 118,3%                  Есепті кезеңге облыстық коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер – 36,7 млн. теңге немесе жоспарына 111,3%                 

2016 жылғы 5 тамыздағы №245
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

«Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстық бюджетті атқару, бухгалтерлік және бюджеттік есепті, қаржылық және бюджеттік есептілікті жүргізу, сондай-ақ облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі, 45.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы облыстық бюджетті атқару және облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

15. Міндеттері:

1) жергілікті бюджеттің атқарылу барысын ұйымдастыру, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік және бюджеттік есепті, қаржылық және бюджеттік есептілікті жүргізу;
2) облыстық коммуналдық мүлікті басқаруды қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

16. Функциялары:

1) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, облыстық бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасауды, бекітуді және жүргізуді жүзеге асырады;
2) облыстық бюджеттің міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жүзеге асырады;
3) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыруды және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік ететін түсімдер бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке жатқызу процесіне қатысады;
5) бюджет ақшасын басқаруды ұйымдастырады;
6) төлемдердің уақтылы және толық төленуін жүргізуді қамтамасыз ету үшін:
бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін айқындау жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды;
облыстық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы мониторингін жүргізеді;
7) міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдауды жүзеге асырады;
8) бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша тоқсан сайын және жыл қорытындысы бойынша облыс әкімдігіне жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмағаны туралы ескертпе-ақпарат береді;
9) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады;
10) бюджеттік есепке алуды жүзеге асырады;
11) ай сайын және жыл қорытындылары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Бюджет кодексімен көзделген есептерді береді;
12) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша әкімдікке, облыстың тексеру комиссиясына, облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп береді;
13) есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, облыстың мемлекеттік жоспарлау органына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;
14) уақытша бос бюджет ақшасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі салымдарына орналастыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған Бас келісімді жасайды;
15) бюджеттік кредитке қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
16) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өңірдің бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалауды жүзеге асыруы шеңберінде облыс әкімдігіне ақпарат ұсынады;
17) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді;
18) облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;
19) облыстық коммуналдық мүлікті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлігі деңгейіне беру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
20) аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының шешімі негізінде аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктерін облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21) облыстық коммуналдық мүлікті пайдалану, соның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
22) облыстық коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастырады;
23) облыстық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
24) сенімгерлікпен басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындауын бақылауды қамтамасыз етеді;
25) мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүргізілуін ұйымдастырады;
26) өтеусіз негізде мемлекеттік меншікке берілетін мүліктің меншік иесімен сыйға тарту шартын жасайды және рәсімдер жүргізеді;
27) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығаруға келісім береді;
28) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздарын шығаруға, орналастыруға, айналысқа қосуға, қызмет көрсетуге және өтеуге қатысты мәселелер бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді;
29) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды сұратады және алады;
2) өзінің құзыреті мен өкілеттігі шегінде мемлекеттік меншіктегі мүліктерді пайдалануды жүзеге асырады;
3) облыстық бюджет туралы облыстық мәслихат шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы облыстың бюджеттік комиссиясының ұсыныстары негізінде бюджет қаражатын қысқарту туралы шешімдер қабылданған бюджеттік бағдарламалар бойынша операцияларды уақытша тоқтатады;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру


18. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын орынбасарлары болады.
21. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
2) «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысы орынбасарларының, бөлімдері басшылары және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
4) «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді; 6) «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді; 9) гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
10) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі


23. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату


26. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 

Меню

 

ВИДЕОгалерея

Голосование

Вопрос «Знаете ли Вы о бюджете ?»

Имею хорошее представление - 30%
Знаю, но хотелось бы больше - 30%
Имею незначительное представление - 40%

Total votes: 10