Сенім телефоны: +7 (7112) 50-54-06

Ағымдағы жылдың 1 маусымға облыстық бюджетінің шығыстары 47,6 млрд. теңгеге игерілді немесе есепті кезеңге арналған жоспарына 98,7%                  2017 жылдың 1 маусымға облыстық бюджеттің кірістері бойынша орындалуы – 45,5 млрд. теңге, кезеңнің жоспарына 110,6%                  Республикалық бюджеттен алдындағы қарыздық міндеттемелері 3,2 млрд. теңге көлемінде орындалды                  2017 жылдың 1 маусымға облыстық бюджеті бойынша салықтардың нақты түсуі 14,8 млрд. теңге құрады, кезеңнің жоспарына 135,5%                  Есепті кезеңге облыстық коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер – 18,0 млн. теңге немесе жоспарына 189,2%                 
Басшылар

Басқарма басшысы

Начальник управления финансов

Салахатдинова Айгүл Бақытжанқызы, 1959 жылы туған. Білімі –жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «Экономика және ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1981 жылы Шыңғырлау аудандық статистика бөлімінің аға инженері қызметінен бастаған. 1984-2000 жылдары Шыңғырау аудандық статистика, экономика бөлімінің, аудан әкімшілігінің аға экономисі, аға референті. 2000-2008 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының аға референті, бас маманы, бас инспекторы. 2008-2011жылдары Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары. 2011-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына иеленген. 2012 жылғы мамыр айынан бастап Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқаруда.

 

Басқарма басшысының орынбасары

Раджапова Фарида Тоқтасынқызы- 1973 жылы туған, білімі жоғары-Батыс Қазақстан аграрлық университетін «Бухгалтерлік есеп, бақылау және ШҚТ» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы Даринск ауылындағы орталық ауруханасында есепші қызметінен бастаған , 1992-1995 жылдары Даринск ауылы Агроөнеркәсіпбанк бөлімінің экономисті,1995-1998 жылдары Зеленов аудандық қаржы бөлімінің жетекші, бас маман қызметінде, 2000 жылдың қаңтар-маусым айлары статистика басқармасының маманы, 2000 жылдың шілде айынан бастап қаржы басқармасында жетекші, бас маман, бөлім басшысы қызметін атқарған, 2003 жылдың 10 шілдесінен бастап Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған (бюджеті атқару бойынша). 2015 жылдың 11 қыркүйегінен бастап Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында (коммуналдық меншік мәселелері бойынша) қызмет атқаруда.

Басқарма басшысының орынбасары

Есенгалиев Нурлан Мухитович, 1982 жылы туған, білімі жоғары, Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік университетін «Экономикалық кибернетика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2004 жылы Орал қалалық қаржы бөлімінде бас маман –экономист лауазымында бастаған. 2005-2006 ж.ж. Орал қаласы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржылық-шаруашылық жұмысы бөлімінің бас маманы, 2006-2008 ж.ж Батыс Қазақстан облысы қаржы департаментінің бас маманы, 2008-2010 ж.ж қаржы басқармасының бас маманы, 2010 жылы мамыр айынан бастап Орал қаласы қаржы бөлімі коммуналдық меншікті басқару секторының меңгерушісі. 2012-2013 ж.ж Бөрлі ауданы қаржы бөлімінің басшысы, 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстары бөлімінің бас инспектор, 2014-2016 ж.ж Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының талдау және бақылау бөлімінің басшысы. 2016 жылдың 21 қарашасынан бастап бастыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары.




 

 

 

Меню

 

ВИДЕОгалерея

Голосование

Вопрос «Знаете ли Вы о бюджете ?»

Имею хорошее представление - 30%
Знаю, но хотелось бы больше - 30%
Имею незначительное представление - 40%

Total votes: 10